Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Грузия Әзербайжан және Армения шекарасына дейін жаңа автобан салады

АСТАНА. KAZINFORM — Грузия Рустави — Красный мост және Алгети — Садахло автомагистральдарының учаскелерін салуға арналған халықаралық тендерлерді қайта жариялады. Жоба аясында жалпы ұзындығы 61,2 шақырым болатын төрт жолақты автомагистраль салынады. Жаңа жол Грузияның жол желісін Әзербайжанмен шекарадағы «Красный мост» бақылау-өткізу бекетімен, сондай-ақ Армениямен шекарадағы Садахло бағытымен байланыстырады.

БАКАД дорога трасса автобан жол
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Автомагистраль халықаралық Шығыс — Батыс және Солтүстік — Оңтүстік көлік дәліздерінің бір бөлігіне айналады.

Жоба шеңберінде 26 көпір, 11 жолайрық және жол қозғалысы қауіпсіздігінің халықаралық талаптарына сай сыртқы жарықтандыру жүйесі салынады.

Құрылыс жұмыстары Еуропалық инвестициялық банктің несиесі және Грузия мемлекеттік бюджетінің бірлескен қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады. Жобалық құжаттаманы Дүниежүзілік банктің қолдауымен Нидерланд компаниясы әзірлеген.

Бұған дейін Грузияның Автомобиль жолдары департаменті алғашқы конкурс күшін жойғаннан кейін аталған жоба бойынша халықаралық тендерлерді қайта жариялаған болатын.

Сондай-ақ бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың компаниясы Грузия астанасында елдегі ең биік ғимарат болатын Trump Tower Tbilisi көпфункционалды кешенінің құрылысы жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.