Грузия Қазақстандағы Елшісін қайтарып алды
БАКУ-ТБИЛИСИ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Грузия Президенті Михаил Саакашвили СІМ-нің басшысы Майя Панджикидзенің 15 елдің және екі халықаралық ұйымның Елшілерін қайтарып алу туралы сұрауын қанағаттандырды.
Әңгіме Сыртқы істер минстрінің бұған дейін мемлекет басшысына жолдаған хатында есімдері аталған дипломаттар жайында.
Бұл туралы журналистерге Грузия президенті әкімшілігінің өкілдері хабарлады.
«Президент Сыртқы істер министрінің хатына қол қойды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Қазақстандағы Елші - Давид Мумладзе, АҚШ-ғы елшісі - Темури Якобашвили, БҰҰ-ғы тұрақты өкіл - Каха Ломая, Бельгиядағы Елші және Грузияның ЕС-ғы Елшісі - Саломе Самадашвили, Еуропа Кеңесіндегі тұрақты өкілі - Мамука Жгенти, Ұлыбритания, Германия, Болгария, Литва, Әзірбайжан, Түркия және Қытайдағы Елшілер қайтарылды.