Грузияда тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Бачо Ахалаяға 4 қазан күні Тбилисиде президент сарайына шабуылдаушылардың әрекетін ұйымдастырып, үйлестіріп отырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Бірінші қоғамдық арнаға сілтеме жасап.

Грузия, Бачо Ахалая, беспорядки, полиция Грузии
Фото: NEWSGEORGIA

Грузияның Қауіпсіздік қызметі бұрынғы қорғаныс министрі Бачо Ахалаяны 2025 жылдың 4 қазанында Тбилисиде болған оқиғаны тергеу жұмыстары аясында ұстады. Ол кезде шерушілер тобы президент сарайына басып кірмек болған. Қауіпсіздік қызметінің деректерінше, Ахалая шерушілердің басты ұйымдастырушысы және үйлестірушісі болған және оларды интернет-қосымшалар арқылы қашықтан басқарып отырған. 

Ведомство мамандары ұйымдастырушы болуы мүмкін адамдар арасындағы көптеген онлайн-байланыстарды анықтаған. Олардың ішінде Ахалая да бар, ол тәртіпсіздіктердің қатысушыларымен өзінің әйелі Анна Надареишвилидің IP мекенжайы арқылы байланысып отырған. Қауіпсіздік қызметінің өкілдері Анна Надареишвилиді де ұстаған, алайда ол кейінірек, босатылған. Тергеу оның болған оқиғаға қаншалықты қатысы бар екенін әлі нақтылайды. 

Материалдар айып тағып, одан әрі тергеу жүргізу үшін Ішкі істер министрлігінің Орталық криминалдық полициясына беріледі. Аталғандармен қатар заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтау әрекеті бойынша да қылмыстық іс қаралып жатыр. Оның аясында Бека Чулухадзеге айып тағылды. Сонымен қатар іске Бачо Ахалаи, Лаши Шергелашвили мен өзге де адамардың қатысы тексеріліп жатыр. 

Айта кетейік, 4 қазан күні Грузияда жергілікті өзін өзі басқару органдарының сайлауы өтті. Осы күні кешкісін Тбилиси орталығындағы президент сарайында бұқаралық наразылық шаралары өтіп, артынан ол шерушілер мен күш құрылымдары өкілдерінің арасындағы қақтығысқа ұласты.

Тәртіпсіздіктер барысында 14 полиция қызметкері зардап шекті


Соңғы жаңалықтар