Гүлмира Сатыбалдының адвокаты судьяны ауыстыруды талап етті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан Гүлмира Сатыбалдыға қатысты поцесте қорғаушы судья Мартпек Кәкімжановқа қарсы шықты.

Гүлмира Сатыбалдының адвокаты судьяны ауыстыруды талап етті
Фото: Еламан Турысбеков / Kazinform

Айыпталушы Гүлмира Сатыбалданың адвокаты Данилованың сөзінше, 19 тамыз күні өткен сот отырысында судья Кәкімжанов қаралып жатқан іс бойынша сот тергеуін аяқтау туралы заңсыз қаулы шығарған.

«Сот барысында Гүлмира Сатыбалдының кінәсіздігін дәлелдейтін құжаттар ұсынылған жоқ. Сонымен қатар сараптама жүргізілмеді, ол туралы қорғаушы өтініш білдірді, қосымша куәгерлер шақырылмады», - деді Г. Сатыбалдының адвокаты Әсемгүл Даниалова.

Жәбірленуші Абай Жүнісовтің қорғаушысы Рашид Теңізбаев адвокат пікірімен келіспеді. Ол судья Кәкімжановтың осы іс бойынша сот талқылауы барысында қылмыстық істі жан-жақты, объективті тексеруді қамтамасыз еткенін атап өтті.

Іс бойынша төрағалық етуші судья Мартпек Кәкімжановқа қарсылық білдіруді осы соттың басқа судьясы Еркін Майшинов қарады. 

«Сот судья Кәкімжановқа қарсылықты қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келеді. Сот тергеуін аяқтау айыптау үкімінің бар екенін куәландыра алмайды, өйткені судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімдері бойынша бағалайды және заңды басшылыққа алады. Бұл іске жеке қызығушылық танытады деп ойлауға негіз жоқ. Бас тартуды қабылдамау туралы қаулы етемін», - деді судья Еркін Майшинов. 

Осыған дейін Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот тергеуі аяқталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деген күдікпен кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын айтқан еді. 

Сот отырысы кезінде Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. 

Былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Соңғы жаңалықтар