02:53, 24 Сәуір 2025 | GMT +5
Гутерриш Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне байланысты Түркия халқына ынтымақтастық білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен кейін Түркия мемлекеті мен халқына қиын уақытта ынтымақтастық білдірді. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

Антониу Гутерриш БҰҰ ғимаратында баспасөз мәслихатын өткізді.
— Бұл қиын уақытта біз Түркия мемлекеті мен халқымен толықтай ынтымақтамыз, — деді ол Ыстамбұлдағы жер сілкінісін еске алудан бастаған Гутерриш.
Айта кетелік Ыстамбұлда 6,2 балл жер сілкінісі болған еді. СІМ Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түспегенін айтқан еді.
Сонымен қатар Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен 151 адам зардап шеккен еді.