10:35, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Гуйлин қаласында Қазақстан-Қытай қаржылық ынтымақтастық жөніндегі шағын комитетінің отырысы өтті
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Гуйлин қаласында (ҚХР Гуанси-Чжуан автономды ауданы) ҚР және ҚХР орталық банктер мен қызығушылық танытқан қаржылық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен

Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті қаржылық ынтымақтастық бойынша шағын комитетінің 8-ші отырысы өтті.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқовтың және Қытай Халық банкі төрағасының көмекшісі Цзинь Цидің жетекшілігімен шағын комитеттің отырысы өтті.
Кездесу барысында тараптар қаржылық ынтымақтастықтың келелі мәселелерін талқылады. Олар Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті қаржылық ынтымақтастық бойынша шағын комитетінің 8-ші отырысы хаттамасына қол қойды.