Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Гюзель Манюрова Рио финалында алтын үшін күреседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер күресі турнирінің жартылай финалындағы жекпе-жекте қазақстандық Гюзель Манюрова Ресейдің 2010- 2011 жылдардағы бірнеше мәрте чемпионы Екатерина Буркинаға қарсы күресте нағыз спорттық сенсация жасады.

 Гюзель Манюрова Рио финалында алтын үшін күреседі

Ұпай жағынан ұтыла тұрса да, Г.Манюра жекпе-жекті өз пайдасына таза жеңіспен аяқтады. Айқастың соңына дейін 8 секунд қалғанда қазақстандық палуан ресейлік қарсыласын шалқасынан сұлатып салды.

Бұдан бұрын Олимпиаданың алғашқы айқасында ол Еуропа чемпионы, венгрлік Жанетт Неметті 12.2 есебімен ұтып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.