Хакан Фидан, Марко Рубио мен Украина делегациясы Ыстанбұлда 16 мамырда кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей, Украина мен Түркия өкілдерінің үшжақты кездесуі сағат 13:30-да (Мәскеу, Ыстанбұл және Киев уақыты бойынша) Ыстанбұлда өтеді, деп хабарлайды БАҚ өкілдері.

Бұл туралы Anadolu Ajansı жазды.
Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқарған АҚШ делегациясы, Украинаның Қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарған украиналық делегация және Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі Владимир Мединский басқарған ресейлік делегация 16 мамыр күні Ыстанбұлға жиналады.
Сыртқы істер министрлігінен жеткен ақпаратқа сәйкес, Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Рубио бастаған АҚШ делегациясы , Умеров бастаған украиналық делегация және Мединский бастаған ресейлік делегация жұма, 16 мамыр күні Ыстанбұлда болады.
Дереккөз сонымен қатар министр Фидан мен ресейлік делегация арасында жоспарланған кездесу кеше, 15 мамыр күні кешкісін президенттің Долмабахче кеңсесінде басталғанын хабарлады.
11 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин 3 жыл бұрын тоқтатылған келіссөздерді алдын ала шарттарсыз 15 мамыр күні Ыстанбұлда жаңғыртуды ұсынып, ол үшін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан осы кездесуді ұйымдастыруды сұрады.
Украина тарапы бұл ұсынысқа келісті. Ыстанбұлда өтетін бейбіт келіссөздерді халықаралық қоғамдастық та қолдады.
Осыған дейін Ыстанбұл АҚШ-тың қатысуымен Ресей мен Украина арасындағы шешуші келіссөзге дайындалып жатқаны туралы хабарладық.