Хакерлер Нұрбанктің шотынан 155 млн теңгені жымқырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда интернет-банкинг арқылы ақша жымқырғандар сот алдында жауап берді.

Хакерлер Нұрбанктің шотынан 155 млн теңгені жымқырған

Сот материалына қарасақ, 2015 жылдың сәуір айында сотталушылар А.Митин және  Р.Хусаинов Team Viewer бағдарламасы арқылы «Нұрбанк» АҚ-ның банктік шотының құпиясөзін заңсыз бұзғаны анықталған.

Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар шындыққа сай келмейтін төлемдер арқылы 155 млн теңгені алдын ала құрылған «Казахстанско-производственно-коммерческая компания» ЖШС-ның «Евразийский банк» АҚ-ындағы банктік шотына аударған.

Сот үкімімен А.Митин және Р.Хусаинов Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 4 бөлігінің 3 тармағында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, осы бап бойынша А.Митинге мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, Р.Хусаиновке мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтеу белгіленді.

Басты сот талқылауында сотталушылар А.Митин және Р.Хусаинов тағылған айып бойынша кінәларын мойындаған жоқ.