Халықаралық турнир: «Қайрат» алғашқы кездесуінде жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» футбол командасы РПЛ (Ресей Премьер-лигасы) Қысқы кубогындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды.

Халықаралық турнир 2024 жылдың 2-14 ақпаны аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында өтіп жатыр.
Алматылық клуб бірінші кездесуінде Біріккен Араб Әмірлігінің «Шабаб Аль-Ахли» командасымен кездесті.
Ойын барысында қарсылас сапынан Игор Жезус 13, 53-минутта қос голдың авторы атанды.
Осылайша «Қайрат» қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.
«Қайраттың» турнирдегі алдағы екі ойынының кестесі:
11 ақпан. «Қайрат» - «Ростов». Басталуы - 21:00;
14 ақпан. «Спартак» - «Қайрат». Басталуы - 22:30.
Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі.
Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады.
Еске салсақ, алматылық «Қайрат» аталған турнирге қатысатын құрамын жариялады.