Халықаралық ЖИ олимпиадасының негізін қалаушы Елена Маринова Қазақстанға алғыс айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы (IOAI–International Olympiad in Artificial Intelligence) Елена Маринова дүниежүзілік ғылым додасын ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қазақстан Үкіметіне, сондай-ақ, елдің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне зор алғысын білдірді.
— Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы (IOAI) Астанада өтіп жатқаны үлкен мәртебе. Өйткені, Қазақстан — цифрландыру және ЖИ экожүйесі қарқынды дамып келе жатқан ел, — деді ол.
Сонымен қатар, Елена Маринованың сөзінше, олимпиада екі жыл бұрын алғаш рет Болгарияда ұйымдастырылғанда, 33 ел қатысқан. Ал былтыр Қытайда екінші рет өткенде, 61 мемлекет өкілдері келді. Биыл үшінші рет Астанада ұйымдастырылып отырған сайысқа жүзден астам елден үміткерлер қатысып отыр.
— IOAI — әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан білім беру бастамаларының бірі. Сондай-ақ, мұндай деңгейде күрт өркендеген ғылым Олимпиадасы дүние жүзінде бұрын-соңды болған жоқ. Аталған жобаның келешегі жарқын деп ойлаймыз және оның болашаған Қазақстансыз елестете алмайтынымыз анық. Бағдарламаға зор қолдау білдіргені үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғыс айтамын, — деді ол.
IOAI негізін қалаушысы Қазақстан Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасын өткізу үшін барлық жағдайды жасағанын да атап өтті. Бұл республиканың ЖИ инновациясы, цифрлық трансформация және алдыңғы қатарлы инфрақұрылым бағыттарындағы зор мұраттары бар екенін білдіреді.
— Қазақстан және IOAI дарынды шыңдауға, білімді жетілдіруге және үздік цифрлық инфрақұрылымға инвестиция құйып жатыр. Осындай жаһандық маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Үкіметіне, сондай-ақ, елдің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне алғысымыз шексіз, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ЖИ олимпиадасына қатысатын балалардың миллиардер болу мүмкіндігі 1,5 мың есе жоғары екенін жазғанбыз.