Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ араб елінен Қазақстанға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің құзырлы органдары аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және жалған құжаттар әзірлегені үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Шухратжан Мырсадықовты қазақстандық әріптестеріне тапсырды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
None
None

Тергеу органдары Ш.Мырсадықовты 2007 және 2012 жылдары алдау арқылы ақшалай қаражатты жымқырғаны үшін айыптап отыр. Ол банк мекемесіне кепілге жылжымайтын мүліктің - нақты өмірде жоқ үй құрылысының жасанды құжаттарын ұсынып, 7,5 млн. теңге көлемінде несие алған. Сондай-ақ банктен несие алу үшін өзінің туысын үгіттеп, оның мүлкін кепілге салып, 26,5 млн. теңге көлемінде несие алып, ізін жасырған. Ш.Мырсадықов қазіргі сәтте Әбу-Дабиден Астанаға жеткізіліп, тергеу оқшаулағышына қамалды, деп хабарланған ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар