Халықаралық консультативтік кеңес мүшелері ЭКСПО-2017 көрмесін әлемдік аренада ілгерілетуге қолдау көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық консультативтік кеңес мүшелері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін әлемдік аренада ілгерілетуге барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Бұл туралы олар «Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты.
None
None

Халықаралық консультациялық кеңес құрамына Александр Квасневский - Польшаның Экс-Президенті, Романо Проди - Италияның Экс-Премьер-Министрі, Альфред Гузенбауэр - Аустрия Республикасының Экс-Канцлері, Эхуд Барак - Израильдің Экс-Премьер-Министрі және басқалар кіреді.

Кездесу барысында А.Есімов Халықаралық консультациялық кеңес өкілдеріне көрме құрылысының қазіргі жағдайы, халықаралық аренада көрмені ілгерілету және мемлекеттердің қатысуын қамтамасыз етуде бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөніне тоқталып өтті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 42 мемлекет және 4 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.

Соңғы жаңалықтар