Халықаралық мүгедектер күніне арналған фильм көрсетіледі

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық мүгедектер күніне арналған фильм көрсетіледі. 
None
None

Бұл туралы astana.kz сайты хабарлап отыр.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, көрсетілім  ұйымдастырушылары  сол арқылы жұртшылық назарын қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне аударғысы келеді.

Халықаралық  сарапшылардың деректері бойынша,  миллиардтан астам адам немесе планета халқының  15%-ға  жуығы мүгедектіктің қандай да бір түрімен ауратын көрінеді.  Қазақстанда - 570 000-нан астам мүгедек болса, олардың 14 000-ға жуығы елордада тұрады.

«Қазақстан мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау саласында ең бір көшбасшы мемлекеттердің қатарында саналады. Олардың жоспарларын ғана емес, іс-әрекеттерін де жүзеге асырып отырған бірден-бір мемлекет», - деп атап көрсетті  БҰҰ-ның Қазақстандағы  Даму Бағдарламасы  Тұрақты өкілінің орынбасары  Екатерина Паниклова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильмнің көрсетіліміне ҮЕҰ өкілдері, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын  белсенді қорғаушылар, әлеуметтік сала қызметкерлері және оқушылар мен студенттер  көптеп қатысады деп жоспарлануда.  

Соңғы жаңалықтар