Халықаралық сарапшылар қауымдастығы ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция аясында бүкіләлемдік жоспар әзірлеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық сарапшылар қауымдастығы «G-Global» (www.group-global.org) ақпараттық-коммуникациялық алаңында БҰҰ мүше-мемлекеттер үшін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспардың (ДҚДЖ) алғашқы жобасын әзірледі.
Бұл туралы «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Жалғасып жатқан жаһандық тұрақсыздық пен турбуленттілік жағдайында, 2011 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемдік қауымдастыққа G-Global бастамасын, сондай-ақ, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасын дайындауға болатындай Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияны өткізуді ұсынған еді.
G-Global-дың ең бірінші міндеті - БҰҰ-ның қолдауымен, Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция аясында БҰҰ-ға мүше елдер үшін, қаржы, экономика министрлері және Орталық банктер басшыларының деңгейінде Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасын қабылдау.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қолдауымен (қарар № A/RES/67/197 «Халықаралық қаржы жүйесі мен даму» 21.12.2012ж.бастап) І Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция 2013 жылдың 23-24 мамыр аралығында қаржы, экономика министрлерінің, орталық банктердің басшылары мен БҰҰ-на мүше 104 мемлекеттің ресми өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
І Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның басты қорытындылары - әлемдік сарапшылар қауымдастығы мен БҰҰ хатшылығы мен оған мүше мемлекеттер ұсынған Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасының негізгі бағыттары мен Астана Декларациясы болды.
Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның қорытынды құжаттары БҰҰ БА 68-сессиясының ресми құжаттар тізіміне енді.
ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция қорытындысы бойынша, БҰҰ-ға мүше елдер үшін, қаржы, экономика министрлері және Орталық банктер басшыларының деңгейінде 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасын қабылдау жоспарлануда.
БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін (қарар A/RES/68/201 «Халықаралық қаржы жүйесі мен даму» 20.12.2013 ж. бастап) ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция "Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубының" Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бреттон-Вудты жаңарту комитетінің қолдауымен ұйымдастырылатын Бреттон-Вуд келісімінің 70 жылдығына орай өткізілетін басты халықаралық шара болмақ.
Демократиялық ұстанымдарға негізделген ДҚДЖ жобасы, қаржы-экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді жолдарын табуға және ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, тиімді, әрі жаһандық-үйлестірілген саясат пен әлемдік қаржы-экономикалық архитектураны құруға бағытталған.
ДҚДЖ жобасын дайындауға барлық маңызды халықаралық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтары, іскери және ғылыми орталар, сонымен қатар, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, беделді саясаткерлер мен сарапшылар қатысатын болады.
Осындай көлемді жобаның интеллектуалды және ғылыми базасын 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап әлемдік экономиканың теңдестірілген дамуын қамтамасыз етуге байланысты идеялармен біріккен 160 елдің өкілдері қазіргі таңда 10 000-нан астам баяндама мен зерттеу жұмыстарын, 35 000 сараптамалық шолу мен түсініктемелер, сондай-ақ, 210-нан астам онлайн бейне-конференциялар өткізілген G-Global ақпараттық-коммуникациялық алаңы құрайды.
ДҚДЖ жобасын тиімді етіп дайындау мақсатында, Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық клубы мен Бреттон-Вудсты жаңарту комитеті әлем бойынша, соның ішінде, АҚШ, Австрия, Швейцария, Франция, Австралия, Люксембург, Қытай, Гонгконг, Индонезия, Перу, Бразилия, Италия, Ресей Федерациясы, БАӘ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Эстония, Латвия және Сингапур елдерінде Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның аутрич-семинарларын өткізуде.
«Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» қауымдастығы 2014 жылдың 10 наурызына дейін әлемдік сарапшылар қауымдастығының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, іскери орталардың өкілдерін, сонымен қатар, қызығушылық танытқан өзге де тұлғаларды Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасын әзірлеуге үлес қосуға шақырады.
Үздік сараптамалық ұсыныстар Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасына еніп, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-на мүше мемлекеттердің қарауына тапсырылады ең үздік сарапшылар ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға шақырылатын болады.