13:39, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанда құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі келіссөз аяқталды
СТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Астанада ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Александр Кельчевскиймен және Данияның Адам құқықтары жөніндегі институтының өкілдерімен кездесті,
деп хабарлад Омбудсмен аппаратының баспасөз қызметінен.
А.Кельчевскийдің айтуынша, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығын қолдаудағы Данияның үлесі болып табылатын аталмыш жоба қолданыстағы халықаралық тәжірибелердің негізінде Қазақстандағы құқық қорғау қызметтерін әрі қарай жетілдіруді пайымдайды.
Оны жүзеге асырудың аясында халықаралық сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін семинарлар мен тренингтер өткізу, Қазақстан Уәкілі мекемесінің қызметкерлерін бірқатар еуропалық елдердің омбудсмен кеңселерінің жұмыстарымен таныстыру қарастырылған.