Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі Түркия басқармасының мүшелері ҚазҰТУ-да болды

>АЛМАТЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі Түрік басқармасының мүшелері (TIKA) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық универсиеті өкілдерімен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш университеттің ректоры Жексенбек Әділовтың айтуынша, TIKA мүшелері сапарының негізгі мақсаты - жер пайдаланулар мен минералды қорлар төңірегінде әріптестік құрып, келешекте болатын бірлескен жобаларды TIKA жағынан қаржыландыру және мамандардың тәжірибе алмасуын қарастыру. "Түркиялық ұйымдардың грант ретінде бөлетін өз қаржы көздері бар. Ал біздің ғалымдардың геология, геофизика, металлургия, мұнайгаз салалары бойынша көптеген зерттеулері бар. Сондықтан TIKA бірлесе жұмыс істеу үшін біздің университетті таңдап отыр", дейді Ж.Әділов.

ТIKA Басқармасы 2002 жылы Қазақстан мен Түркия Республикаларының келісімімен құрылып, жұмыс істеп келеді. 2009 жылы аталмыш Басқарма Астана қаласында өз кеңсесін ашқан болатын.

2010 жылы Қазақстанда көптеген әлеуметтік және ғылыми-техникалық, денсаулық сақтау, экономикалық және сауда, мәдени, әрі бiлiм беретiн сала сияқты қоғамдық мағыналы жобаларды жүзеге асырмақ. Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 32 миллион АҚШ доллары тартылған.

Бүгінгі кездесу барысында қонақтар геология, геофизика, химия, металлургия, өнеркәсіптік және энергетикалық қорлар саласында технологиялық зерттеулер мен өңдеу жүргізуде серіктестік құру қаралды.

ҚазҰТУ үшін мұндай әріптестік бірінші рет емес, дегенімен профессор-оқытушылар құрамының деңгейін көтеру мен сапалы білім беруде кезекті үлес екені белгілі.

Соңғы жаңалықтар