Халықаралық заңгерлер одағының төрағасы А. Требковқа II дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков Халықаралық заңгерлер одағы үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Халықаралық заңгерлер одағының төрағасы А. Требковқа II дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді

Отырыс барысында қазақстандық дипмиссия басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атынан Халқыаралық заңгерлер одағының төрағасы А. Требковқа II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Өз кезегінде А.Требков ҚР Президентіне жоғары құрмет көрсетіліп, қызметінің еленгені үшін алғысын білдірді.

Андрей Требков 1937 жылы туған. Свердлов заң институтының түлегі. 1961 жылдан бастап халықтық сот төрағасы, Түмен облысы аудандық халықтық сотының төрағасы қызметін атқарған. 1981-89 ж.ж. - КСРО Әділет министрлігі алқасының мүшесі. 1989 ж. - КОКП ОК мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі. 1989ж. - Халықаралық заңгерлер одағының төрағасы. 2000 ж. - Ресей заңгерлер одағының президенті. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының кандидаты. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері, азаматтарды құқықтық тұрғыдан тәрбиелеудің теориясы мен практикасының білгір маманы.