Халықтың әл-әуқатын жақсарту менің жұмысымның негізгі мақсаты - Елбасы

АҒАНДЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Халықтың әл-ауқатын жақсарту менің жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады, деді бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде қаладағы «ҚазБелАз» қазақ-беларус бірлескен кәсіпорнын аралап көргеннен кейін журналистерге берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
None
None

«Мен бұл зауытты зор қуанышпен аралап көрдім. Адамдарға жұмыс беріп, жалақымен қамтамасыз етіп отырған Қазақстандағы жаңа кәсіпорындарды барып көрудемін. Халықтың әл-ауқатының жақсы болуы менің жұмысымның басты мақсаты», деді Елбасы өз сөзінде.

Елбасының айтуынша, Қазақстанды индустрияландыру аясында жаңа зауыттардың құрылысы салынады. Сөйтіп, 50 мың жаңа жұмыс орны құрылып, адамдар жақсы жалақы алатын болады. «Мен былтыр Беларусқа жасаған сапарым кезінде БелАз сынды машиналарды және тракторларды, егер де олар Қазақстанда құрастырылатын болса, сатып алатынымызды айттым. Енді осындай үлкен машинаның 70 пайызы Қазақстанда құрастырылады, металл біздікі. Біз осылайша адамдарымызды жұмыспен қамтамасыз етудеміз. Сөйтіп, Қазақстанда осындай ауыр жүк машиналарын жөндейтін және құрастыратын жаңа өндіріс орны пайда болды. Мен зауытты үлкен ықыласпен аралап көрдім, жұмысшылардың қуанышымен бөлістім», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар