ХАМАС кепілге алынғандарды босатып, бес жылға татуласуға дайын

АСТАНА. KAZINFORM – ХАМАС Газада соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын. Аталған келісім аясында кепілге алынған барлық адамдар босатылып, бес жылға татулық орнауы тиіс, дем мәлімдеді сенбі күні топтың ресми өкілі келіссөз жүргізушілермен кездесудің алдында, деп жазады ВВС.

 ХАМАС
Фото: Anadolu

Израиль әзірге ридикалдық топтың соңғы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ.

ХАМАС делегациясы 18 айға созылған соғысты тоқтату мәселесін мысырлық келіссөз жүргізушілермен талқылау үшін Каирге келді.

ХАМАС ұйымының ресми өкілі делегацияларының осы аптада Каирге келіп, мұндай соғысты тоқтатудың жаңа идеяларын талқылайтынын осыған дейін айтқан болатын. Алайда олар Израильдің басты талабы саналатын қаруды өткізу шарасы жүзеге аспайды.

AFP агенттігімен анонимді жағдайда тілдескен ХАМАС-тың ресми өкілі топтың бір реттік кепілге алынғандарды алмастыру мен бес жылдық татуласуға дайын екенін мәлім еткен.

Соңғы рет атысты тоқтату туралы келісімді Израиль ұсынды, оған сәйкес кепілдегі тірі он адам қайтарылып, 45 күнге атыс тоқтауы қажет болатын.

ХАМАС атысты белгілі бір мерзімге тоқтату талабынан бас тартып, соғысты толық тоқтатуды ұсынды.

 

Соңғы жаңалықтар