«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлім етті.

 «Хандар шежіресі» қолжазбасы
Фото: nblib.library.kz

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. «Хандар шежіресі» қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат, - дейді Мемлекеттік кеңесші.

Оның сөзінше, ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады. Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы туралы мұрағат материалдары, сондай-ақ Арал теңізінің мұрағат қоры енгізілген болатын.

Осыған дейін Кескен-Күйік қалашығы ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін екені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар