Хельсинкиде Қазақстан-Фин бизнес форумы өтеді

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Осы аптада Финляндияда Қазақстан-Фин бизнес форумы өтеді.
None
None

Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім еткендей, 13-15 наурыз аралығында Хельсинки қаласында кезекті Қазақстан-Фин бизнес форумы өтеді.

«Оған ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және еліміздің іскерлік топтар өкілдері қатысады деп жоспарланған», - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, 2009 жылдың наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Финляндияда болды. Ал, өткен жылы Қазақстан Хельсинкиде өзінің Елшілігін ашты.

Соңғы жаңалықтар