ХҒС-ға ұзақ уақытқа экспедицияға аттанған 32-ші экипаж Жерге оралды, аппарат Арқалық қаласының маңына қонды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақытымен 08.52 де (мәскеу уақыты 06.52) Арқалық (Қазақстан Республикасы) қаласынан 86 шақырым жерге «Союз ТМА-04М» басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қонушы аппараты қонды.

ХҒС-ға ұзақ уақытқа экспедицияға аттанған 32-ші экипаж Жерге оралды, аппарат Арқалық қаласының маңына қонды

Бұл туралы Ресей ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қону штаттық режімде өтті. Жерге Халықаралық ғарыш стансысына отыз екінші ұзақ мерзімді экспедициясының экипажы оралды. Оның құрамында басқарылатын ғарыш кемесінің командирі, Ресей ғарыш агенттігінің ғарышкері Геннадий Далаки және бортинженерлер Сергей Ревин (Ресей ғарыш агенттігі), Джозеф Акаб (НАСА) бар. Ресейлік ғарышкерлер және НАСА астронавты ғарыш кеңістігінде 125 тәулік болды.

«Союз ТМА-04М» басқарылатын ғарыш кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылымы 2012 жылдың 15 мамырында болды.

Бұған дейін, бүгін мәскеу уақытымен сағат 03.09-да «Союз ТМА-04М» басқарылатын ғарыш кемесі «Поиск» (МИМ2) шағын зарттеу модулінен ажырады. Кеменің Халықаралық ғарыш стансысының ресейлік сегментінен ажырауынан кейін және бортқа келесі ұзақ мерзімді экспедицияның келуіне дейін, орбитада жұмысты МКС-33 экипажы жалғастырады. Оның құрамында НАСА астронавты, командир Сунита Уильямс және бортинженерлер Юрий Маленченко (Ресей ғарышы) және Акихико Хошиде (ДжАКСА) бар.