15:53, 30 Қыркүйек 2025 | GMT +5
ХҚКО-да жаңа қызмет түрі: қазақстандықтар дайын құжатын үйге жеткізуге тапсырыс бере алады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік корпорация «Халыққа қызмет көрсету бөлімінің менеджері» атты пилоттық жобаны іске қосты.

— Енді қазақстандықтар дайын құжаттарын үйге дейін жеткізeut тапсырыс бере алады. Ол үшін ХҚКО-да қызмет алған кезде азаматқа құжатты жеткізу қызметі ұсынылады. Осылайша, жеткізу мекенжайын көрсетіп, төлемді QR-код арқылы жасау жеткілікті. Жеткізу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасынан қадағалауға болады, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда 15 түрлі құжатты жеткізуге болады.
Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы бере бастайды.