Халыққа қызмет көрсету орталықтары паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы бере бастайды
АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биометриялық сәйкестендіру терминалы арқылы паспорттар мен жеке куәліктер беруге арналған пилоттық жоба туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды.

- Пилоттық жобамен Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистерінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, құжаттау терминалы арқылы «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады, - делінген баспасөз-релизде.
Еске салсақ, жыл басында төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны өзгерген болатын.