Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Украинамен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында бүгін, 7 мамырда төртінші ойынын Украинаға қарсы өткізді.

Қазақстан хоккей федерациясы
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін 12 мәрте кездесіп, оның сегізінде отандастарымыз жеңіске жетті.

Сондай-ақ отандастарымыз бұдан кейін 8 мамырда 15:30–да Франциямен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Литва құрамасынан 4:1, Жапониядан 6:0, Польшавдан 3:2 есебімен басым түсті.

Ал Украина Польшадан 2:3 есебімен жеңілсе, одан кейін Литвадан 2:1, Франциядан 3:2 есебімен басым түсті.

Аталған топта бірінші және екінші орын алған құрамалар 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі — «Барыс», КХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы — «Барыс» КХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы — «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы — «Барыс», КХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы — «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», КХЛ);

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Одан кейін Беларусьте 26 сәуірге дейін дайындық жүргізді. Онда 25 сәуірде жергілікті «Динамо-Молодечно» командасынан 5:1 есебімен басым түсті.

Ал 25 сәуірде жолдастық кездесуде қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасын 2:1 есебімен қапы қалдырды.