Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Жапониямен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында бүгін екінші ойынын Жапонияға қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 15:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама қазірге дейін 12 мәрте кездесіп, барлығында отандастарымыз жеңіске жетті.
Алдағы ойындар кестесі
5 мамыр. 22:30. Қазақстан — Польша
7 мамыр. 19:00. Украина — Қазақстан
8 мамыр. 15:30. Қазақстан — Франция.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Литва құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті.
Ал Жапония бірінші ойында Францияға 3:4 есебімен жол берді.
Сондай-ақ аталған топта Польша Украинаны 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.
Қазақстан құрамасының тізімі
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі — «Барыс», КХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы — «Барыс» КХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы — «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды);
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы — «Барыс», КХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы — «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», КХЛ);
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Одан кейін Беларусьте 26 сәуірге дейін дайындық жүргізді. Онда 25 сәуірде жергілікті «Динамо-Молодечно» командасынан 5:1 есебімен басым түсті.
Ал 25 сәуірде жолдастық кездесуде қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасын 2:1 есебімен қапы қалдырды.