Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы үздік атанды

үздік
Фото: olympic.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Владимир Никитин Венгрия астанасы Будапештте өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы болды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлем біріншілігінде қазақстандық қақпашы үздік нәтиже көрсеткен. Ол орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған. Сондай-ақ ол басқа қақпашылармен салыстырғанда айдында көп уақыт өткізді. Владимир Никитинді бес кездесудің барлығына да құрама сапында қақпаға иелік жасады. 

Турнир барысында ол 119 сейв жасаған. Никитин үздік қақпашы атануымен бірге Қазақстан құрамасының үздігі атағына лайық деп танылды. 

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы бес ойынның төртеуінде жеңіске жетті. Олар Венгрия (5:2), Дания (3:2), Франция (4:0) және Жапониядан (3:1) есебімен басым түсті. Ал бесінші турда Венгрияға буллиттен 6:7 есебімен есе жіберді. 

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді. 

Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram