Хоккейден Әлем чемпионаты: Ширек финалға шыққан құрамалар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 2025 жылғы Әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы іріктеу кезеңі аяқталды.

АҚШ хоккей құрамасы Германияны жеңді
Фото: championat.com

Жарыстың келесі сатысына шыққан барлық команда анықталды. Енді 1/4 финалда Канада мен Дания, Швеция мен Чехия, АҚШ пен Финляндия, Швейцария мен Аустрия ойнайды.

Ширек финал ойындары 22 мамырға белгіленген. Жартылай финал 24 мамырда өтсе, 3-орын үшін кездесу мен финал 25 мамырда болады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Ел құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Қазірге дейін алты кездесудің іреуінде басым түссе, бесеуінде қарсыласына есе жіберіп қойды.

Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8), АҚШ-қа (1:6), Швейцарияға (1:4) есе жіберді.

Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші — 2021 жылғы оныншы орын.

Әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін Канада — 28 Ресей (КСРО) — 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция — 11, Финляндия — 4, АҚШ — 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар