Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші ойынын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында екінші ойынын Италияға қарсы өткізеді.

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші ойынын өткізеді
Фото: icehockey.kz

Кездесу қазақстанлық уақытпен 17:00-де басталады. Ел құрамасы IA дивизионына жолдаманы Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словениямен сарапқа салып жатыр. Ойындар 9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтеді.

Қазақстан және Италия құрамалары қазірге дейін алты мәрте кездесті. Оның бесеуінде италиялық хоккейшілер жеңіске жетті.ьҚазақстандық хоккейшілер бұдан кейін 12 сәуірде Ұлыбританиямен ойнаса, 13 сәуірде Латвия, 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатына дайындық аясында өткен жолдастық кездесуде Ұлыбританиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.

Еске салсақ, ел құрамасы бұдан бұрын Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар