Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына аттанады
АСТАНА.KAZINFORM - Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты IB дивизионындағы ойындарға қатысу үшін Қазақстан әйелдер құрамасының нақты тізімі белгілі болды.
Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.
Отандастарымыз наурыз айының аяғынан Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын бастап кеткен еді.
Нәтижесінде құраманың нақты тізім белгілі болды.
Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі - «Томирис»)
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис»), Катрин Мескини Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);
Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы - «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»);
Бұл ойындар 12-18 сәуір аралығында Испанияда өтеді.
12 сәуір. 19:30. Қазақстан - Латвия
13 сәуір. 19:30. Нидерланд - Қазақстан
15 сәуір. 23:00. Испания - Қазақстан
17 сәуір. 19:30. Қазақстан - Оңтүстік Корея
18 сәуір. 19:30. Ұлыбритания - Қазақстан.
Отандастарымыз оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін аяқтады. Енді ұлттық құрама Испанияға аттанады.