Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Словениямен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында бесінші ойынын Словенияға қарсы өткізеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00–де басталады.
Алғашқы төрт турдан кейін Италия 12 ұпаймен көш асына шықса, Латвия — 9, Ұлыбритания — 7, Оңтүстік Корея — 5, Қазақстан — 3 ұпай еншілеген. Әзірге Словенияның қоржыны бос.
Сондай-ақ бүгін аталған топта Оңтүстік Корея мен Латвия, Италия мен Ұлыбритания шеберлік байқасады. IA дивизионына жалғыз жолдама беріледі. Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.
Ел құрамасы бұдан бұрын Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Италия мен Ұлыбританиядан 0:2, Латвиядан 3:7 есебімен есе жіберді.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Астана қаласында 1-3 мамыр аралығында халықаралық Qazaqstan Hockey Open турниріне қатысады.