Хоккейден Қазақстан чемпионаты финалында қай командалар кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысының финалы мен үшінші орын сайыста қай командалардың сынға түсетіні белгілі болды.

Биыл бас жүлдені Көкшетаудың «Арлан» және астаналық «Номад» клубтары сарапқа салады. Алғашқы ойын 6 сәуірге жоспарланған. Бұл кездесу Көкшетау қаласында болады. Финал екі клубтың бірінің төрт жеңісіне дейін созылады.
Ал қола жүлдеге «Ақтөбе» және қарағандылық «Сарыарқа» клубтары таласады. Алғашқы кездесу Ақтөбе қаласында 5 сәуірде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Командалар екі команданың бірінің үш жеңісіне дейін жалғасады.
Еске салсақ, Қазақстан әйелдер құрамасы 7-13 сәуір аралығында шайбалы хоккейден екінші дивизионның А тобында ойындар өткізеді.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстандық хоккейшілер былтыр Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түсті.