Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындарының ерлер арасында шайбалы хоккейден топтық кезеңінің алғашқы ойындары басталды. Қазақстан құрамасы А тобындағы алғашқы ойында Тайландпен кездесті.

Хоккейден ойсырата жеңді
Фото: Оlympic.kz

1-кезеңде, отандастарымыз ойын тізгінін бірден қолға алып, қарсылас қақпасына 4 гол соқты. 

2-кезеңде, Таиланд құрамасы қорғанысты күшейтіп, қазақстандықтар тек 2 гол ғана соқты.

Соңғы кезеңде, Қазақстан құрамасы арадағы есепті ұлғайта түсті. Хоккейшілеріміз қарсылас қақпасына тағы 6 гол соғып, қорытынды есеп 12:0 болды.

Әділ Бекетаев және Артем Королев 2 голдан соқса, Алихан Өмірбеков, Роман Старченко, Евгений Рымарев, Андрей Буяльский, Вячеслав Колесников және Руслан Оспанов мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады

Еске салсақ, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы кеше В тобындағы алғашқы ойында Гонконгты 12:0 есебімен ойсырата жеңді

Соңғы жаңалықтар