Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

АСТАНА.KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді.

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Бұл кездесуде ел құрамасынан Софии Муравьёва покер, София Зубкова хет-трик жаса, Анфиса Новикова екі голдың авторы атанды. Оған қоса Злата Попова, Рената Лившиц, Василиса Шуклина, Анна Климова бір-бірден гол соқты.

  • Қазақстан - Жаңа Зеландия 13:2 (3:0, 3:0, 7:2)
  • 1:0 - Новикова (Иншакова) - 11:29
  • 2:0 - Лившиц (Зубкова, Иншакова) - 18:45
  • 3:0 - Попова (Нигматулина, Жакулина) - 19:11
  • 4:0 - Новикова (Шуклина, Какаулина) - 22:12
  • 5:0 - Муравьёва (Емцева, Зубкова) - 27:44 
  • 6:0 - Зубкова (Лившиц, Муравьёва) - 35:47
  • 7:0 - Зубкова (Муравьёва, Лившиц) - 41:28
  • 7:1 - Гордон (Линтон) - 45:58
  • 8:1 - Муравьёва - 46:05
  • 9:1 - Шуклина (Новикова, Какаулина) - 49:42
  • 9:2 - Беннеттс (Гордон) - 50:06
  • 10:2 - Муравьёва (Емцева) - 53:22
  • 11:2 - Муравьёва (Зубкова) - 55:17 
  • 12:2 - Климова - 57:03
  • 13:2 - Зубкова (Муравьёва) - 59:47
  • Қақпашылар: Яковлева - Томас (Виккес-Шмит, 27:44 - 60:00).

Енді отандастарымыз 20 қаңтарда Латвия, 22 қаңтарда Түркия, 23 қаңтарда Нидерланд, 25 қаңтарда Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасы жарияланды.