Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші мәрте жеңіске жетті

АСТАНА.KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші ойынында Латвияны айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстан хоккей федерациясы
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу барысында латвиялық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Одан кейін отандастарымыз қатарынан тоғыз шайба соғып кетті. Олардың арасынан София Муравьева хет-трик авторы атанса, София Зубкова мен Рената Лившиц екі-екіден гол соқты.

Сондай-ақ, Василиса Шуклина, Анфиса Новикова бір-бір мәрте мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласын 9:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Қазақстан – Латвия 9:1 (2:1, 2:0, 5:0)

0:1 – 12:19 – Зелюбовска (Нейберга, Дуце)

1:1 – 15:52 – Муравьева (Зубкова)

2:1 – 18:00 – Шуклина (Новикова)

3:1 – 34:14 – Муравьева (Зубкова, Лившиц)

4:1 – 37:18 – Зубкова

5:1 – 44:14 – Лившиц (Муравьева)

6:1 – 45:52 – Зубкова (Муравьева, Куклина)

7:1 – 47:14 – Лившиц (Муравьева, Нигматуллина)

8:1 – 56:24 – Новикова (Муравьева, Зубкова)

9:1 – 59:15 – Муравьева (Зубкова)

Қақпашылар: Яковлева – Казе (Путриниеце, 40:00-60:00).

Енді отандастарымыз 22 қаңтарда Түркия, 23 қаңтарда Нидерланд, 25 қаңтарда Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Еске салсақ, олар бұдан бұрын Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді.

Соңғы жаңалықтар