Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында төртінші жеңісіне жетті

АСТАНА.KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы төртінші ойынын Нидерландқа қарсы өткізді.

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында төртінші жеңісіне жетті
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын көрсетті. Бірінші кезеңде қарсылас қақпасына жауапсыз төрт шайба соқса, екінші кезеңде тағы екі мәрте қақпаны дәл көздеді.

Шешуші кезеңде отандастарымыз Нидерланд қақпасына бір гол соғып кетті.

Осылайша олар қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.

Нидерланд — Қазақстан 0:7 (0:4, 0:2, 0:1)
0:1 — Куклина (Муравьёва, Нигматулина) — 05:18
0:2 — Новикова (Шуклина) — 05:46
0:3 — Шуклина (Новикова) — 12:26
0:4 — Новикова (Шуклина) — 17:03
0:5 — Муравьёва (Нигматулина, Куклина) — 24:46
0:6 — Новикова (Муравьёва, Куклина) — 33:44
0:7 — Новикова (Шуклина) — 45:58
Қақпашылар: Ван Енгелен (Пренен, 30:04) — Яковлева

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1) құрамаларын қапы қалдырды.

Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен бірінші орында келеді.

Енді отандастарымыз бұдан кейін 25 қаңтарда Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Бұл топтан бірінші орын алған құрама ІВ тобына жолдама алса, соңғы орынды місе тұтқаны ІІВ тобына түсіп қалады.

Соңғы жаңалықтар