Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын жалғастырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Дания мен Швецияда өтетін әлем чемпионатына дайындығын одан әрі жалғастырды

Оқу-жаттығу жиыны аясында құрама екіге бөлініп, жолдастық кездесу өткізді. Ойын барысында ақ және көк түсті жейдемен ойын көрсетті.
Ақ жейделі команда құрамында қақпашы Кудрявцев, ойыншылар: Бекетаев, Данияр, Панюков, Лихотников, Әсетов, Бреус, Гайтамиров, Рымарев, Өмірбеков, Савицкий, Жүсіпбеков, Диханбек, Тютюньков,Ляпунов, Симонов, Своеволин мұзайдынға шықты.
Ал көк жейделі команда құрамында Әмірбеков қақпаны күзетсе, Орехов, Метальников, Михайлис, Шестаков, Волков, Александров, Михайлов, Қайыржан, Мұхаметов, Мұратов, Королев, Оразов, Оспанов, Чапоров, Колесников сынға түсті.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы буллиттен ақ жейделілер жеңіске жетті.
Әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтеді. Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Норвегия, Дания, Германия, Венгрия, Чехия, Швейцария және АҚШ.