Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Словениямен жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM - Кездесу қазақстандық уақытпен 20:40-та басталады. 

Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Словениямен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: icehockey.kz

Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, екеуінде словениялық құрама басым болды.

Ал 7 мамырда отандастарымыз Данияның Хернинг қаласына жетеді.

Әлем чемпионатында отандастарымыз В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Ел құрамасы алғашқы ойынын 10 мамырда 15:20-да Норвегияға қарсы өткізеді.

Словения құрамасы Швецияның Стокгольм қаласында А тобында Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франциямен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында кімдер ел намысын қорғайтыны анықталды.

Соңғы жаңалықтар