Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы канадалық клубты ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындық барысында екі жолдастық кездесу өткізді.

Қазақстандық хоккейшілер Канадада жергілікті «Хоксбери Хокс» клубын 8:1 есебімен жеңсе, тағы бір кездесуде Германияға 0:4 есебімен жол берді.
Дүбірлі дода 2024 жылдың 25 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Канадада өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер Оттава қаласында B тобында Чехия, Словакия, Швейцария және Швециямен шеберлік байқасады.
Ел құрамасы Швециямен 27, Чехиямен 28, Словакиямен 30, Швейцариямен 31 желтоқсанда шеберлік байқасады.
Қазақстан жастар құрамасының тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Владимир Никитин (екеуі — «Снежные барсы», МХЛ), Данил Лыткин («Барыс U18»)
Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Санжар Ибрагим, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев, Мстислав Шипилин (барлығы — «Снежные барсы», МХЛ), Данила Беляков («Торпедо», Өскемен), Бейбарыс Оразов («Барыс», КХЛ)
Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Филадельфия Ребелс», NAHL), Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Никита Ситников (барлығы — «Снежные барсы», МХЛ), Александр Ким («Бисмарк Бобкэтс», NAHL), Давлат Нұркенов («Эссят U20», U20 SM-sarja), NAHL), Егор Левковец (МХК «Барыс»), Асанали Саркенов (Спокан Чифс, WHL), Семен Симонов («Барыс»).
Құрамаға Сергей Старыгин жетекшілік етсе, оған Георгий Верещагин мен Алексей Обухов көмекшілік жасайды.