Холокост оқиғасынан аман қалған 113 жастағы кейуана қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Холокост оқиғасынан аман қалғандар арасында ең кәрі саналған Роуз Жироне дүние салды. Бұл туралы оның отбасы мен Холокостан аман қалғандарға өтемақы төлейтін ұйым мәлім етті, деп хабарлайды «Америка дауысы».

Claims Conference мәліметінше, әйел Нью-Йорк штатында Белмордағы қарттар үйінде қайтыс болды.
Ұйым хабарлағандай, күйеуі тұтқындалып, Бухенвальдтағы нацистік концлагерьге жіберілген кезде Роуз Жироне ол жүктіліктің сегізінші айында болған. Күйеуі бостандыққа шыққан соң отбасы Бреслаудан Германияға, одан кейін Шанхайға қашты.
– Роуз қайратты, төзімді әйел еді. Ол жантүршігерлік оқиғалардан мойымай шығуға тырысты. Ол өте салмақты, саналы еді. Бала кезімнен оған ұсынып, ол шешуге көмектеспеген еш жағдай болған жоқ, - деп мәлімдеді Холокостан аман қалған оның қызы Реха Бенникаса.
Claims Conference мәліметінше, Холокост оқиғасынан аман қалған 245 мыңға жуық адам әлі тірі және олардың 14 мыңға жуығы Нью-Йоркте тұрады.
Айта кетелік елордада Холокост құрбандарын еске алуға арналған кеш өткен еді.