Хорватия астанасында «Қазақстан келбеті» атты фотокөрме ашылды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Загреб қаласында ҚР Елшілігі мен Хорватияның «CroАrtРhotoclub» фотоөнері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақстан келбеті» атты фотосурет көрмесі салтанатпен ашылды.
None
None

ҚР-ның Хорватиядағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, хорват көркем фотосурет сарапшыларының жәрдемдесуімен әзірленген көрмеде Қазақстанның бірегей табиғи ландшафты түрлі-түсті нақышта көрініс тапқан. Экспозицияның басты стенділері Қазақстанның ежелгі тарихи-мәдени ескерткіштеріне және Астананың модернистік сәулеттік келбетіне арналған.

«CroАrtРhotoclub» қауымдастығы Хорватияның кәсіби фотосуретшілерін біріктіреді, олардың арасында Огнен Карабегович, Мария Браут және басқа да танымал еуропалық фотошеберлер бар.

Шараның ашылуында сөз алған қауымдастық хатшысы Т.Доловчак қазақ халқының қонақжайлық дәстүрлерін, ежелгі тарихын және мәдениетін атап өтті. «Көпұлтты Қазақстан әлемдік өркениеттер тоғысында орналасқаны» аталып өтті. Қазақ жерінің санбояулы тұма табиғаты мен Астананың заманауи келбеті Батыс пен Шығыстың мәдениеттерін ұштастырып, «хай-тек» стилі дизайнымен шебер қиюласқан.

ҚР-ның уақытша сенімді өкілі Т.Барлыбаев қазақстан-хорват қатынастарын одан әрі нығайтуда мәдени байланыстардың маңызын атап көрсетті. Загребтегі көрменің ашылуы VI Астана экономикалық форумы жұмысының басталуымен тұспа-тұс келіп отырғаны аталып өтті, оған Хорватия делегациясы да қатысуда.

Фотокөрме 10 маусымға дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар