Хорватия астанасында Қазақстан Тәуелсіздігі күні аталып өтілді
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Загребте ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.
Оған саяси және іскерлік орталардың көрнекті өкілдері, Хорватия жұртшылығы мен елде аккредитациядан өткен шетелдік дипломаттар қатысты.
Хорватиядағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Хорватиядағы ҚР уақытша сенімді өкілі Т. Барлыбаев шараны ашып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктері жөнінде айтты.
Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан мен Хорватия дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20 жылдығын атап өтті.
Қабылдау барысында Қазақстанның дамуы жөнінде жарияланымдардың, фотоальбомдар мен кітаптардың таныстырылымы болды.
Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне арналған шаралардың аясында Загребте «I'm Kazakh» танымал қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменованың «Қазақтың күнделігі» көрме жұмысы өтті. Хорваттық өнерсүйер қауым Сәуле Омарованың суреттеріндегі техника ерекшеліктерін, авторлық сюжеттерге сайып келетін тың көзқарасты бағалады. Көрмеге хорват жұртшылығының және шығармашылық қауым өкілдері, дипломаттар және Хорватияда тұратын біздің отандастар қатысты.