Хорватиялық кәсіпкерлер Қазақстан бизнесіне зор қызығушылық танытуда - З.Миланович

«Осыдан 20 жыл бұрын біз бұл елдегі қиындықты көрсек, қазіргі уақытта дамудың табысты нәтижесіне куә болып отырмыз. Бүгін мен кәсіпкерлерден құралған хорватиялық делегацияны бастап келдім. Олар Қазақстандағы бизнеске зор қызығушылық танытуда», - деді ол.
Оның атап өтуінше, соңғы 2 жылдан бері Хорватия Еурпалық одақтың мүшесі болып саналады әрі дәл осы кезең аталған өңірдегі экономикалық дағдарыспен тұспа-тұс келіп отыр.
«Дегенмен, Хорватия тауарлары экспортының басқа нарықтарға өсімі байқалады. Қазіргі уақытта біздер жаңа нарықтарға шығу үшін осы ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз», - деді З.Миланович.
Сонымен қатар ол осы жолғы сапары барысында нақты нәтижелерге қол жеткізіліп, көптеген келісімшарттарға қол қойылатындығына сенім артатындығын баса айтты.
«Бұл сапарым екі ел үшін барынша табысты болады деп санаймын және сізге маңызды сұхбат құрғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Хорватия Үкімет басшысы.