Хромтауда мас жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін 6 хаттама толтырылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпара - Хромтауда мас жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін алты хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

20 тамыз күні қалада патрульдеу кезінде Hyundai Tucson автокөлігі полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды. Жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындамай, дауыс зорайтқыш құралы арқылы берілген тоқтату туралы ескертпеге құлақ аспаған.

Хромтау қаласында бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен ол маневр жасау ережелерін бұза отырып, Самара – Шымкент автожолына бағыт алады. Ақтөбе қаласының маңында полиция қызметкерлері қудалау арқылы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізушінің көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйде жүргізгені, сонымен қатар көлік құралдарын басқаруға құқығы болмағаны анықталды. Құқық бұзушы Хромтау ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Автокөлік полиция бөлімінің аумағында тұраққа қойылды. Ер адамға қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылды.


Соңғы жаңалықтар