17:16, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары жоспарлануда
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Желтоқсанның 12-сінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталмыш сапардың еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткізілуі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінің айқын дәлелі болып табылады. Жоғары деңгейде өтетін кездесу шеңберінде 2009 жылдың екіжақты ынтымақтастық шаралары қорытындыланып, өзара әрекеттердің жаңа жобалары талқыланатын болады», деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, сапар барысында ҚР Президенті Н. Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші желісін ашу салтанатына және екінші желісінің балқытып біріктіру жұмысының аяқталуына қатысуы жоспарланып отыр.