Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Хуситтер Йемен үкіметі күштерінің әскери лагерлеріне соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Йеменде үкіметке жақын әскери күштерге хуситтер шабуыл жасап, салдарынан көп адам қаза тапты. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Хуситтер Йемен үкіметі күштерінің әскери лагерлеріне соққы жасады
Фото: euronews

«Йеменнің жедел әрекет ету күштері» әлеуметтік желідегі X парақшасында хуситтер бірнеше әскери лагерьге, соның ішінде өздеріне тиесілі нысандарға және қарулы күштердің бөлімшелеріне соққы жасағанын мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан адам қаза тауып, материалдық залал келген. Алайда қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты саны әзірше жарияланған жоқ.

Басылымның мәліметінше, хуситтердің шабуылы Йемен қарулы күштері Қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен бірқатар қауіпсіздік және әскери операция өткізгеннен кейін жасалған. Бұл операциялар өңірлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық автожолдарды қорғау, контрабанда мен жол тонауға қатысы бар қарулы топтарға қарсы күресу, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды ұстау мақсатында жүргізілген.

Еске салайық, бұған дейін Йемендегі «Ансар Алла» (хуситтер) қозғалысы Қызыл теңіз жағалауындағы Сауд Арабиясының стратегиялық маңызы бар екі мұнай нысанына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасағанын хабарлаған едік.