Хуситтердің кесірінен Ұлыбритания шайсыз қалуы мүмкін

ЛОНДОН. KAZINFORM - Жақын арада Ұлыбритания халқы Қызыл теңіздегі кеме қатынасының қиындығына байланысты шай тапшылығына тап болуы мүмкін. Өйткені хуситтердің шабуылы салдарынан кеме иелері Африканы айналып өтіп, тауарды ұзақ жолмен тасымалдауға мәжбүр, деп жазады ВВС. 

шәй
Фото: Pexels

Елдегі ең ірі супермаркет желілерінің бірі Sainsbury's қара шай жеткізілімінде үзілістер болуы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар, елдегі екінші ірі шай бренді Tetley Tea жеткізілім «біршама шектеулі» екенін, бірақ компания әдеттегі сұранысты қанағаттандыруды жалғастыра беретінінін мәлімдеді.

Дегенмен, Tetley Tea қазіргі уақытта өндіріс бұрыңғы деңгейінде қалса да, жеткізілімдегі үзілістер қоймалардағы шикізат қорының төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар