ХВҚ Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатын оң бағалап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ХВҚ Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатын оң бағалап отыр. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Халықаралық валюта қорының Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдері департаментінің директоры Масуд Ахмед мәлім етті. 
None
None

«Бүгін Қазақстан Премьер-Мнистрімен кездесу мүмкіндігі болды, сондай-ақ кеше ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовпен және өзге де әріптестеріммен пікір аламасып, Қазақстандағы экономикалық жағдайдың мәселелерін талқыладық. Барша әлем мен өңірдегі экономикалық даму тұрғысында, Қазақстан да мұнай бағасының төмендеуі секілді сыртқы әсерлерді сезініп отыр. Сонымен қатар Ресей және Қытай секілді елдерде даму қарқынының бәсеңдеуі, ақша бағамының өзгеруі факторлары Қазақстанға әсерін тигізді. Осы орайда қысқа мерзімдегі уақыт аралығында елдеріңіздің экономикалық дамуына ықпалы болатыны анық»,- ХВҚ депатартаментінің басшысы.

Бұл тұрғыда Масуд Ахмед ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі реформаларды жүзеге асыру жолымен проблемаларды шешуі Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқандығын, бұл өз кезегінде қазіргі заманғы әртараптандырылған экономикаға алып келетіндігін атап өтті.
«Қазақстан бұның алдындағы даму қарқынына қайта оралатын болады. Атап айтқанда, дамудың бұл үрдісі ел халқының әл-ауқатын арттырып, экономикалық өсімді қамтамасыз ете алатыны сөзсіз»,-деді ХВҚ өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады.

Соңғы жаңалықтар