Идеялар мекені: Атырауда креативті индустрияны дамытуға арналған хаб ашылды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласында «Atyrau Creative Hub» шығармашылық хабы ашылды.

Идеялар мекені: Атырауда креативті индустрияны дамытуға арналған хаб ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жоба өңірде креативті индустрияларды дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және заманауи орта қалыптастыруға бағытталған. Жалпы аумағы шамамен 1600 шаршы метрді құрайтын кеңістік коворкинг аймақтары, медиа студиялар, оқу аудиториялары мен конференц-залдарды қамтиды.

Идеялар мекені: Атырауда креативті индустрияны дамытуға арналған хаб ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Айта кету керек, бұған дейін өңірде шығармашыл жастарды біріктіретін мұндай кешенді алаң болмаған. Жаңа хаб осы олқылықтың орнын толтырып, идеяларды нақты жобаға айналдыруға мүмкіндік береді.

Идеялар мекені: Атырауда креативті индустрияны дамытуға арналған хаб ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Нысанды аралап, жастармен тілдескен облыс әкімі Серік Шәпкенов креативті индустрияның маңызын атап өтті.

Идеялар мекені: Атырауда креативті индустрияны дамытуға арналған хаб ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

— Бұл бағыт жастардың әлеуетін ашып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұндай орталық өңірдің дамуына серпін береді. Әкімдік тарапынан қажетті техникамен қамтуға көмектесеміз, — деді ол.

Идеялар мекені: Атырауда креативті индустрияны дамытуға арналған хаб ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Хаб жастардың білім алып, тәжірибе алмасуына және жаңа жобаларды іске асыруына жағдай жасап, олардың өңірде тұрақтауына ықпал етеді. Ашылу күні креативті дамыту қорының өкілдерімен кездесу, қыш, киіз басу, зергерлік бұйымдар жасау өнерінен шеберлік сабақтары, кітапсүйер қауымның интерактив форматында талқылауы өтті.

Идеялар мекені: Атырауда креативті индустрияны дамытуға арналған хаб ашылды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Бұған дейін Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойған еді.